«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ТжКБ басшысы Исаханова Шынар Кабиевнаның ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасын іске асыру және әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Жас маман жобасы: тәжірибе және мүмкіндік» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.
Аталған шарада колледжіміздің инженер-педагогтері «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнымен бірлесе әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасының мүмкіндіктерін, дуальды оқыту жүйесін, кредиттік-модульдік технологияларын тиімді ұйымдастыру және заманауи құрылғыда қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Колледжімізде ынтымақтастықты жетілдіру бағытында Қ.И.Сатбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінің кафедрасы ашылды.
«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК
5 Апрель 2022