Республикалық кәсіби шеберлік байқауы

24 Ноябрь 2022

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2022 жылдың 12-19 қарашасында Қостанай қаласында "Қостанай көлік колледж алаңында" Көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға өңірлік байқаудың жеңімпаздары – осы құзырет бойынша республикалық конкурстың жүлдегерлері болып табылмайтын Арнайы пәндер оқытушылары мен ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындығын, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергендігін көрсетті. Байқауға Алматы облысы бойынша колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Сатқанбай Нұрболат Хожашұлы қатысып "Medallion for Excellence" жеңімпазы атанды. Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Дүйсенбаев Марат Махсетұлы сарапшылар тобында болды