«Студенттер күні»

28 Қараша 2022

Бүкіл Қазақстан бойынша аталып өтілетін мерекелерден бөлек барша студенттер қауымы үшін айтулы мереке – «Студенттер күні».  Жаңа тың идеяларға толы студенттер өздеріне арналған бұл күнді ерекше атап өтетіні айтпаса да белгілі. Студенттік өмір жастардың ең көңілді, әсерлі, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Бұл кезде білім кеңістігің, көңіл көкжиегің кеңейіп, махаббат пен ғашықтық отының да ыстығына күйіп, жалынына шарпыла жүретін кез. Оқу ордасында талай дос тауып әзілің жарасып, құрбы-құрдаспен күліп-ойнап өтетін күндер де көп. Біздің белсенді студенттеріміз бұл жылы да өздерінің төл мерекесін қызықты өткізді. Барлық студенттерді төл мерекелерімен құттықтаймыз! #студенттеркүні #деньстудента #студент