Тұратын орын

Студенттік жатақхана – барлық жағдай жасалған 4 қабатты ғимарат. Жатақхананың әрбір қабаты 2,3 орындық жайлы бөлмелерден, кір жуғыш машина – автоматтармен, киім үтіктеу үстелі, кептіру құралдарымен жабдықталған тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған бөлмелерден, электроплитамен, тоңазытқышпен, шағынтолқынды пештермен жабдықталған ас үйден және сабаққа дайындалатын бөлмеден тұрады.

Колледжде медициналық талаптарға жауап беретін жабдықтармен жабдықталған оқшаулау бөлмелері бар. Студенттердің бос уақыттарында демалып, уақыттарын өткізуі үшін кабельді телевидениеге қосылған теледидары бар жатақхана фойесі студенттер қажетіне жарап тұр. Жатақхана территориясында демалыс орындары үшін бұрыштар, футбол алаңы , воллейболға және мини-футболға арналған спорт алаңы бар. Колледж ауласындағы қарағайлар, гүлзарлар, бабына келтірілген газондар, сыныптан тыс уақытта ойнап тұратын классикалық музыка демалғысы келгендерге жайлы, тыныш орын болып табылады.