«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің алтын көпірі» тақырыбында тіл мерекесі

5 Қыркүйек 2022

5-қыркүйек күні Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың туған күніне орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің алтын көпірі» тақырыбында тіл мерекесінің ашылуы болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Егизбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында баяндама оқып, 05-16 қыркүйек аралығындағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай колледж дәлізінде арнайы бұрыш жасалды.