Blog

Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қауымдастығы

14 Қараша 2021

📜Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Қарасай ауданының “Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қауымдастығы” студенттеріне мемлекеттік тілді құрметтеу, жаман йркйегінде рметтеу, жаман трітілді рметтеу, жаман здітітіндаа рметтеу, жаман здітітіндаы.
Колледж студенттері ардагерлерге жылы лебіздерін білдіріп, ән шашуларын арнады.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні.

5 Қыркүйек 2021

🖋️ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

📜 Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті.

#5қыркүйек_қазақстан_халқы_тілдері_күні #5қыркүйек

10 ТАМЫЗ-АБАЙ КҮНІ

10 Тамыз 2021

!
Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!

🖋️ Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, философ, композитор, қоғам қайраткері, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

📚 Абай Құнанбайұлы 1845 жылдың 10 тамызында Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Семей уезі Шыңғыс болыстығында ( қазір – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) Тобықты руы болысының отбасында дүниеге келген. Әкесінің «Ибрахим» деп қойған есімін әжесі Зере немересін еркелетіп «Абай» деп атап кеткен, бұл «сақ, ойлампаз» дегенді білдіреді. Содан бері Абай, осы есіммен тарихқа енді.

Баршамызға ортақ Абай күні құтты болсын

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 Мамыр 2021

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

Бірлігі жарасқан тәуелсіз ел – Қазақстан!
Мейрам құтты болсын отандастар
#1мамыр #бірліккүні #қазақстан

«Жас маман» жобасы

29 Сәуір 2021

“Жас маман” жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
ҚР Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамту» және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы болып ҰАҚ “Кәсіпқор Холдингі” белгіленді.
Осы жоба шеңберінде «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК-не білім беру үдерісін жаңғырту, білімгерлер мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту, сондай-ақ “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының, “Автомобиль жөндеу слесарі” біліктілігін халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламаларын, оқу материалдық базаны жаңғырту, WorldSkills стандарттарына сай студенттерді даярлау міндеттелді.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

22 Наурыз 2021

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ🚫

17 Наурыз 2021

Наурыз айының 16 жұлдызында Шамалған ауылындағы “Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі” МКҚК-да “Саналы ұрпақ” клубының ұйымдастыруымен 1,2,3 курс арасында колледж ішінде сыбайлас жемқорлық және құқызбұзушылық факторлары бар немесе жоқ екенін анықтау мақсатында, анонимді “Жемқорлыққа жол жоқ”, “Таза сессия” атты сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесімен мониторинг жасалып, колледжіміздің студенттері сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылық факторларымен кездеспегенін анықтадық.
❗️❗️❗️
Барлығын ақшамен байланыстырудың қажеті жоқ. Одан да асқан құндылықтар бар екенін ұмытпайық.

Сергей Капица
#жемқорлыққажолжоқ #скажикоррупциинет #тазасессия

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай

12 Ақпан 2021

2021 жылдың 11 ақпаны сағат 11:00-де “Атамекен” тарихи-мәдени орталығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай “Жамбыл” әдеби-мемориалды музейімен бірлескен көрме өтті, осы өткен көрмеге колледжіміздің оқытушылары және 207ші топ студенттері қатысып, Жамбыл Жабаевтың немересі және Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты Жамбылова Салтанат Тезекбайқызымен кездесіп қайтты
#музей #жамбылжабаев #175жыл