08.09.2022 күні 32 және 33 топ студенттері арасында “Үш тілде білім беру қажеттілігі” тақырыбында дебат сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты студенттер өзін-өзі басқару, көшбасшылық қасиеттерін, ой-өрісін дамыту, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды бірлесіп шешу, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қатысу белсенділігіне байланысты қатысушылар “Ең мақсатты ойыншы”, “Үздік оратор” деген сияқты номинацияларға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Blog
«Тілім менің- ғасырлардан аманат» тақырыбында 2 курс 21 топ студенттерімен тәрбие сағаты
Тілдер апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Амирова «Тілім менің- ғасырлардан аманат» тақырыбында 2 курс 21 топ студенттерімен тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының алға қойған мақсаты: Тіл – атадан балаға мирас болатын баға жетпес асыл мұра. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың жаны. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнерін ұғындыру.
«Тіл – ел байлығы» атты эссе жазу байқауы
06.09.2022 күні тілдер апталығы 1-2 курс студенттері арасында «Тіл – ел байлығы» атты эссе жазу байқауымен жалғасын тапты. Студенттер эссе жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді.
“Тіл – ел байлығы” атты эссе байқауына қатысқан 12 қатысушының ішінен 3 студент жүлделі орындарға ие болды.
1 – ші орын-Жумабаев Жандос 21 топ “Дәнекерлеу ісі” мамандығының студенті
2-орын-Атагазиев Наурызбек 14 топ “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының студенті.
3 – орын-Бақыт Омар 23-топ “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының студенті.
«Кітапхана табыс мекені» атты ашық есік күні
Колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана табыс мекені» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты жобаны іске асыру жұмыстарын таныстыра отырып, кітап оқуды насихаттау. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Ашық есік күніне колледждің барлық студенттері қатысты. Іс шарада алдымен «Оқуға құштар колледж» атты кітап көрмесімен таныстырды. Әрбір уақытын кітаппен өткізсін деген мақсатта жасалған инсталлияциялық бұрышта рухани байлық тек кітапта екені түсіндірілді. Автоматандырылған заман талабына сай «электронды кітапхана» ұйымдастырылды. Ондағы мақсат уақыттарын тиімді пайдалану, жылдам және тез табылатын QR арқылы оқитын кітаптар бұрышы ұсынылды. Іс шара барысында студенттерге жобаның мақсаты, міндеті, жұмыс барысы және атқарылатын жұмыстар туралы таныстырылды.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің алтын көпірі» тақырыбында тіл мерекесі
5-қыркүйек күні Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың туған күніне орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің алтын көпірі» тақырыбында тіл мерекесінің ашылуы болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Егизбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында баяндама оқып, 05-16 қыркүйек аралығындағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай колледж дәлізінде арнайы бұрыш жасалды.
1 қыркүйек – Білім күні
«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде» 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Колледж директоры Такимова Гульнара Турсынбековна колледж ұжымын, ата-аналарды, колледж студенттерін «Білім күні» мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. ДОЖЖО Миямова Айнұр Машраповна жаңа оқу жылының сабақ кестесімен, сабақ уақытымен таныстырып өтті.
Колледжіміздің өнерлі студенттері мерекелік іс-шарада өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, 1-3 курстарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы
Бүгін Кәсіптік Оқудағы Көпсалалы Колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Колледжіміздің директоры Г.Т.Такимова шараның шымылдығын ашты. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға, әділ мемлекет құруға, заңның үстемдігін белгілеуге қатысты Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды ережелеріне қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, спикер Президент ерекше назар аударатын білім беру мәселелеріне тоқталды.
Мектеп түлектері санының өсуіне және білім беру қызметтеріне сұраныстың артуына байланысты кәсіптік және техникалық білім беру орны алдында қазіргі заманғы талаптарға сай болу және білім беру сапасын одан әрі арттыру міндеті тұрғандығын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар бір ауыздан Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын айтты.
Алматы облысы Қарасай ауданының Жұмыспен қамту орталығымен 03.05.2022ж-03.08.2022 аралығында «Еңбек» бағдарламасы негізінде үш айлық оқыту курсы ұйымдастырылды
Алматы облысы Қарасай ауданының Жұмыспен қамту орталығымен 03.05.2022ж-03.08.2022 аралығында «Еңбек» бағдарламасы негізінде үш айлық оқыту курсы ұйымдастырылды. Үш айлық оқу курсын оқытуға 30 білім алушы 07150500 «Пісіру ісі», 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша оқуға қабылданды.
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз» біліктілігі бойынша 20 – студент қабылданды. Білім алушылар курстың алғашқы сабақтарында теориялық білімдерін шыңдап, өндірістік нұсқаулық сабақтарын өтіп «АPORT» сауда орталығында орналасқан ЖШС «Майами Асханасы» білім алушылар өндірістік практикадан өтті.
Үш айлық оқыту курсы барысында өндірістік практикаға белсене қатысып тексеру жұмысын үздік тапсырғаны үшін колледж директоры тарапынан Аметова Халмира Абубакировна марапатталды.
Үш айлық оқу курсының соңында білім алушылардың теориялық және практикалық білімдеріне сай біліктілік беру үшін білім алушылардан жазбаша және практикалық тексеру жұмысы алынды. «Аспаз» біліктілігі бойынша тексеру жұмысына ЖК «Khama Park» және жұмыспен қамту орталығынан тәуелсіз сарапшы ретінде эксперттер шақырылды. Тексеру жұмысына толықтай білім алушылар қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті.
07150500 «Пісіру ісі» мамандығы бойынша алғашқы сабақтарында теориялық білімдерін «Kagazy Recycling» ЖШС-нің жұмыс істеу үдерістері негізінде дайындалған бағдарлама бойынша білімдерін шыңдап, колледж аумағында өндірістік нұсқаулық сабақтарын өтті. «Дәнекерлеу ісі» біліктілігі бойынша тексеру жұмысына «Kagazy Recycling» ЖШС бас инжинері және жұмыспен қамту орталығынан тәуелсіз сарапшы ретінде эксперттер шақырылды. Тексеру жұмысына толықтай білім алушылар қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті.
Үш айлық оқыту курсы барысында өндірістік практикаға белсене қатысып тексеру жұмысын үздік тапсырғаны үшін колледж директоры тарапынан Сапаров Дамир Калыкович марапатталды.
ТжКБ ҰЙЫМДАРЫНА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 2022
2021 ж. Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету
2021 ж. Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету
https://drive.google.com/drive/folders/1md54WYCrsSBOqws8hDVqc6L4xT-Kxxp7?usp=sharing