Blog

«Студенттер күні»

28 Қараша 2022

Бүкіл Қазақстан бойынша аталып өтілетін мерекелерден бөлек барша студенттер қауымы үшін айтулы мереке – «Студенттер күні».  Жаңа тың идеяларға толы студенттер өздеріне арналған бұл күнді ерекше атап өтетіні айтпаса да белгілі. Студенттік өмір жастардың ең көңілді, әсерлі, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Бұл кезде білім кеңістігің, көңіл көкжиегің кеңейіп, махаббат пен ғашықтық отының да ыстығына күйіп, жалынына шарпыла жүретін кез. Оқу ордасында талай дос тауып әзілің жарасып, құрбы-құрдаспен күліп-ойнап өтетін күндер де көп. Біздің белсенді студенттеріміз бұл жылы да өздерінің төл мерекесін қызықты өткізді. Барлық студенттерді төл мерекелерімен құттықтаймыз! #студенттеркүні #деньстудента #студент

Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.

27 Қараша 2022

Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін -тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: "Кітап-ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына" десе, Абай атамыз "Танымның бар тамашасы-кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа" деп насихаттайды. Мағналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі кеңінен түсінесің. Осы түсінікті терең жеткізу мақсатында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасына орай өткізілген "Бір колледж -бір кітап "атты акция басталу аясында. Акцияға жатахана студенттерді қатысты. Онда студенттер Рамазан Тоқтаров " Таңбалы жарғақтың құпиясы" атты романын таңдап, сол кітаптың мазмұнын, мағнасын және кейіпкерлерін студенттерге таныстырып шықты. Қызыққан студенттер алып оқып, іс-шара соңында талқылады. Мақсатымыз студенттерге кітап оқыта отырып, оқыған кітабынан өзіне түйген ойларымен бөлісу.

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылдың 12-19 қарашасында Қостанай қаласында "Қостанай көлік колледж алаңында" Көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға өңірлік байқаудың жеңімпаздары – осы құзырет бойынша республикалық конкурстың жүлдегерлері болып табылмайтын Арнайы пәндер оқытушылары мен ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындығын, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергендігін көрсетті. Байқауға Алматы облысы бойынша колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Сатқанбай Нұрболат Хожашұлы қатысып "Medallion for Excellence" жеңімпазы атанды. Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Дүйсенбаев Марат Махсетұлы сарапшылар тобында болды

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы

24 Қараша 2022

2022 жылдың 12-19 қарашасында Қостанай қаласында "Қостанай көлік колледж алаңында" Көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға өңірлік байқаудың жеңімпаздары – осы құзырет бойынша республикалық конкурстың жүлдегерлері болып табылмайтын Арнайы пәндер оқытушылары мен ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындығын, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергендігін көрсетті. Байқауға Алматы облысы бойынша колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Сатқанбай Нұрболат Хожашұлы қатысып "Medallion for Excellence" жеңімпазы атанды. Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Дүйсенбаев Марат Махсетұлы сарапшылар тобында болды

Қарттар күні Кәсіптік Оқудағы Көпсалалы Колледж еріктілері «Қарттарымыз – асыл қазынамыз» қамқорлық және күтім орталығына барды

4 Қазан 2022

Біздің студенттер өз қолдарымен шай ішуге дәмді кондитерлік өнімдер дайындап, орталықта тұратын қарт адамдарға концерт ұйымдастырды.

Іс-шара мейірім мен жарқын сәттерге толы болды. Мұндай оқиғалар біздің еріктілер лигасының игі істерінің аз ғана бөлігі. Біз өз әлемімізді мейірімді және жақсырақ етуге көмектесетін студенттерімізді мақтан тұтамыз!!! Рахмет сендерге, жақсы адамдар!!!

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен футболдан жолдастық кездесу

1 Қазан 2022

30-шы қыркүйек күні машина жасаушылар күніне орай Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің машина жасау кафедрасы футболдан жолдастық кездесу өткізді. Іс шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысып, белсенді қатысқандары үшін университет директоры Қ.Елемесов атынан грамотамен марапатталды.

“Үздік кәсіби білім беру ұйымы” байқауының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі

30 Қыркүйек 2022

Қыркүйек айының 30 күні Қонаев қаласында “Ұстаздар” меркесі қарсаңында “Үздік кәсіби білім беру ұйымы” байқауының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі өтті. Байқау нәтижесі бойынша колледжіміз “Жаңашыл колледж” номинациисына ие болып, марапатталды.

#жаңашылколледж
#кокк
#байқау
#Қонаевқаласы

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі студенттері ЖШС “Alfa Motors”,”Chevrolet” автосалонында экскурсия

29 Қыркүйек 2022

29.09.2022ж күні Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі студенттері ЖШС “Alfa Motors”,”Chevrolet” автосалонында экскурсияда болды.Автосалон басшысы Джумаев Азат колледж студенттерін жылы лебізбен күтіп алды және қол астындағы менеджерлер мен аға шеберлеге автосалон техникалық қызмет көрсету орталығымен таныстыруды тапсырды.Менеджер автосалонда қандай автокөліктер бар және жөндеу мерзімі болған автокөліктерге қандай техникилық қызметтер көрсетілетіні туралы студенттерге мәлімет берді.

@chevrolet
#әлеуметтіксеріктес
#кокк
#біліктімаман

Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ базысына экскурсия

29.09.2022ж күні Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ базысына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсияның мақсаты колледж студенттерін жоғары білімге,ғылыми StartUp жобалар мен Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
Университет базсында колледж студент Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған музейде болды. Музейде студенттер Қ.И.Сатбаев атамыздың өмір баянымен, қазақ жер қойнауында жатқан байлықтарды болашақ ұрпақ үшін алып қалған ерліктерімен, қазақ өткізген қитыншталтары.

@satbayev_university
#экскурсия
#біліктімаман
#кокк

«Тіл – татулық тірегі» тақырыбында тіл  апталықтың жабылуы өтті

10 Қыркүйек 2022

Апта соңында колледждің АКТ залында 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында апталықтың жабылуы өтті. Іс шара барысында колледждің өнерлі студенттері өлең шумақтарын жатқа оқып, ән айтып, би билеп, өзге ұлт өкілдері қазақ еліне деген өз құрметтерін көрсетті.
Апталықтың қорытындысында өз білімдерін шыңдай білген студенттеріміз марапаттау қағаздары мен белсенді ат салысқан студенттер алғыс хаттарға ие болды.