Blog

Колледждерге құжат қабылдау басталды

25 Маусым 2024

Бүгіннен бастап еліміздің колледждеріне құжат қабылдау басталды.
25 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін қазаз түріндегі құжаттарды қабылдау колледждерде ұйымдастырылады.

1 шілдеден бастап құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/kk) арқылы жалғасады.

Түлектер 4 колледжді және 4 мамандықты таңдай алады. Конкурс Білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің бағаларын орташа конкурстық балл бойынша бөлу жолымен автоматтандырылған түрде өткізіледі.

#talap #oquagartu #талап #типо #методология #курсыповышенияквалификации #worldskills #ворлдскиллс #реестр #колледж #поступлениевколледж

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЛТАНАТ БЕСПАЕВА KazNARU ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

19 Маусым 2024
✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру бағдарламаларымен танысқан Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы еңбек жолын орта мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары педагог ұйымдастырушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшысы сияқты лауазымдарда абыройлы қызметтер атқарған аса тәжірибелі, білікті маман.
✅ Білім басқармасы басшысының айтуынша, бүгінде Алматы облысында 432 орта мектеп, онда оқитын 335 мыңдай оқушы бар. Биыл 14 мың түлек мектеп бітіріп отыр. Сонымен бірге, 40 колледждің бітірушілері болашақ мамандық таңдау айырығында тұр.
✅ «Менің кәсіби бағдар беру ісін жүргізу барысында байқағанымдай, облысымыздағы жастардың арасында ауыл шаруашылығы мамандықтарына қызығушылық білдіретіндері аз емес. Өйткені, біздің өлке негізінен ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы өте жақсы дамыған өңір. Соның да әсері бар екені рас. Жас түлектерге өз мамандығын дұрыс таңдауға көмек беру үшін мен бүгін аграрлық саладағы жетекші оқу ордасына арнайы келіп отырмын. Заманауи ғылыми-зерттеу университеті атанған қара шаңырақтың бүгінгі жеткен жетістіктерін өз көзіммен көріп, риза болдым. Көргенім мен көңілге түйгенімді міндетті түрде жастарымызға жеткіземін», – дейді Салтанат Дауыспекқызы.
✅ Мектеп бітіруші түлектер!
Егер, сіздер KazNARU мен шетелдік ЖОО-ларда қатар оқып, ЕКІ ДИПЛОМДЫ білікті маман атанғыңыз келсе, келіңіздер, шақырамыз!
✅ БІЗБЕН БІРГЕ САПАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ӨЗДЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШЫҢЫЗДАР!
Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі

2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау

20 Маусым 2023

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Сіздің өміріңіздегі маңызды шешім қабылдау – кәсіпті таңдау сәті келді. Біздің оқу ордасының білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие.

Шамалған ауылындағы “Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі” МКҚК 9-шы сынып бітіруші түлектерді кәсіби білім алуға шақырады.

2023-2024 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау, оқуға түсу бойынша қабылдау комиссиясы күн сайын сағат 09.00 – 17.00 аралығында 23 тамызға дейін жұмыс жасайды.

Оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдау Шамалған ауылы, Жібек жолы 76 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
#талапкер2023
#Кәсіптікоқудағыкөпсалалыколледж
#кәсіптікоқу
#бітірушітүлек
#қабылдаукомиссиясы

гипс 3D панель пішіндерді жасауды меңгерту

21 Ақпан 2023

Колледжіміздің “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану” мамандығының өндірістік оқыту шеберлері студенттерге гипс 3D панель пішіндерді жасауды меңгерту мақсатында, forma. kaz компаниясымен серіктес болып, мемориандум жасады.Forma. Kaz компаниясының өкілдері біздің өндірістік оқыту шеберлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Компания директоры Оспанов Данияр Олжалиұлы “Әрбір балаға кәсіби мамандық бойынша өз білгенін үйретіп, шикізат дайындауға бағыт , бағдар беруге дайын екенін айтты және колледжбен серіктес болуды қуана құптайтынын жеткізді.

2023 жылдың 3 ақпан күні Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде”Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану ” мамандығы бойынша бірінші колледжішілік “Worldskills- 2023” байқауы өткізілді.

4 Ақпан 2023

Сайыс барысында студенттердің кәсіби шеберлігі үш бағыт бойынша анықталды.
1- тапсырма: Модуль. Қозғалтқышты бөлшектеу және жинау.
2- тапсырма: Механикалық беріліс қорабын ашып, жинау.
3- тапсырма: Автокөлікке компьютерлік диагностика жасау, көлік жүйелерінің ақауын табу және табылған ақауларды жою. Жарыс нәтижесінде колледж студенттері Альмамбетұлы Қуаныш, Тажибаев Бауыржан, Мейрамбек Бекнұр өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл жарыстың мақсаты Worldskills стандарттары негізінде жаңа әдістер мен технологияларды қазіргі заманғы материалдарды білетін қызмет көрсету саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау үшін инновациялық жағдайлар жасау болып табылады.

 

 

«Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың облыстық слеті.

24 Желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті және Білім басқармасымен бірлесе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Саналы Ұрпақ» ерікті клубтарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында слет өтті. Облыстық слетке колледжіміздің "Саналы ұрпақ" ерікті студенттік клубы студенттері барынша ат салысып, нәтижесінде БІРІНШІ орынды қанжығасына байлады.

“Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында кезекті колледжішілік дебат турнирі өтті!

22 Желтоқсан 2022

Оқу орнымызда “Саналы ҰРПАҚ” еріктілер клубының ұйымдастыруымен дебат клубы мүшелерінің арасында “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында кезекті колледжішілік дебат турнирі өтті! Ойыншыларды әділ-қазы алқасы бағалап, соңында шешім шығарып, жеңімпаздарды құттықтады!

“16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні”

15 Желтоқсан 2022

“16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” ұлттық мерекесіне орай волейболдан Шамалған ауылдық округінің ашық біріншілігі өтті. Жарысқа колледж оқытушылары құрамынан команда құрылып, қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша колледжіміз жүлделі 🏆🥈 орынды иеленді.

Тренинг

6 Желтоқсан 2022

Ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанында колледж педагог-психологы Болатова Галия Болатовнаның ұйымдастыруымен Жұмыста табысқа жету тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Тренинг мақсаты – ойын арқылы жұмыста табысқа жету, кретивті ойлау, қарым-қатнас дағдыларын дамыту. Тренинг барысында “ Сергіту сәті”, ”Ашулы шарлар тренингі”, ” Тәті шоколад тренингі”, “Әріптер сөйлейді тренингі”, “Сабақта табысқа жету тәсілі ”, ” Бинго ойыны” өткізілді. Тренинг соңында барлық қатысушылар оң пікірлерімен бөлісіп, жақсы әсер алды.

Дүниежүзілік ЖИТС күні  Теңдік уақыты! 

1 Желтоқсан 2022

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы  және Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсаны күні  Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданының нөмірі 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Дүниежүзілік ЖИТС күні  Теңдік уақыты!  тақырыбында ойыннан жарыс өткізді. Аталмыш спорттық ойын жарысына колледжіміздің студенттері дене шынықтыру пәні оқытушыларының жетекшілігімен қатысып, үздік ойын көрсеткенкедері үшін Алғыс хатпен марапатталды. @qarasai_jastary #житс #1желтоқсан #теңдікуақыты