АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЛТАНАТ БЕСПАЕВА KazNARU ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

19 Маусым 2024
✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру бағдарламаларымен танысқан Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы еңбек жолын орта мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары педагог ұйымдастырушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшысы сияқты лауазымдарда абыройлы қызметтер атқарған аса тәжірибелі, білікті маман.
✅ Білім басқармасы басшысының айтуынша, бүгінде Алматы облысында 432 орта мектеп, онда оқитын 335 мыңдай оқушы бар. Биыл 14 мың түлек мектеп бітіріп отыр. Сонымен бірге, 40 колледждің бітірушілері болашақ мамандық таңдау айырығында тұр.
✅ «Менің кәсіби бағдар беру ісін жүргізу барысында байқағанымдай, облысымыздағы жастардың арасында ауыл шаруашылығы мамандықтарына қызығушылық білдіретіндері аз емес. Өйткені, біздің өлке негізінен ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы өте жақсы дамыған өңір. Соның да әсері бар екені рас. Жас түлектерге өз мамандығын дұрыс таңдауға көмек беру үшін мен бүгін аграрлық саладағы жетекші оқу ордасына арнайы келіп отырмын. Заманауи ғылыми-зерттеу университеті атанған қара шаңырақтың бүгінгі жеткен жетістіктерін өз көзіммен көріп, риза болдым. Көргенім мен көңілге түйгенімді міндетті түрде жастарымызға жеткіземін», – дейді Салтанат Дауыспекқызы.
✅ Мектеп бітіруші түлектер!
Егер, сіздер KazNARU мен шетелдік ЖОО-ларда қатар оқып, ЕКІ ДИПЛОМДЫ білікті маман атанғыңыз келсе, келіңіздер, шақырамыз!
✅ БІЗБЕН БІРГЕ САПАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ӨЗДЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШЫҢЫЗДАР!
Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі