Алматы облысы Қарасай ауданының Жұмыспен қамту орталығымен 03.05.2022ж-03.08.2022 аралығында «Еңбек» бағдарламасы негізінде үш айлық оқыту курсы ұйымдастырылды. Үш айлық оқу курсын оқытуға 30 білім алушы 07150500 «Пісіру ісі», 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша оқуға қабылданды.
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз» біліктілігі бойынша 20 – студент қабылданды. Білім алушылар курстың алғашқы сабақтарында теориялық білімдерін шыңдап, өндірістік нұсқаулық сабақтарын өтіп «АPORT» сауда орталығында орналасқан ЖШС «Майами Асханасы» білім алушылар өндірістік практикадан өтті.
Үш айлық оқыту курсы барысында өндірістік практикаға белсене қатысып тексеру жұмысын үздік тапсырғаны үшін колледж директоры тарапынан Аметова Халмира Абубакировна марапатталды.
Үш айлық оқу курсының соңында білім алушылардың теориялық және практикалық білімдеріне сай біліктілік беру үшін білім алушылардан жазбаша және практикалық тексеру жұмысы алынды. «Аспаз» біліктілігі бойынша тексеру жұмысына ЖК «Khama Park» және жұмыспен қамту орталығынан тәуелсіз сарапшы ретінде эксперттер шақырылды. Тексеру жұмысына толықтай білім алушылар қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті.
07150500 «Пісіру ісі» мамандығы бойынша алғашқы сабақтарында теориялық білімдерін «Kagazy Recycling» ЖШС-нің жұмыс істеу үдерістері негізінде дайындалған бағдарлама бойынша білімдерін шыңдап, колледж аумағында өндірістік нұсқаулық сабақтарын өтті. «Дәнекерлеу ісі» біліктілігі бойынша тексеру жұмысына «Kagazy Recycling» ЖШС бас инжинері және жұмыспен қамту орталығынан тәуелсіз сарапшы ретінде эксперттер шақырылды. Тексеру жұмысына толықтай білім алушылар қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті.
Үш айлық оқыту курсы барысында өндірістік практикаға белсене қатысып тексеру жұмысын үздік тапсырғаны үшін колледж директоры тарапынан Сапаров Дамир Калыкович марапатталды.