«Кітапхана табыс мекені» атты ашық есік күні

6 Қыркүйек 2022

Колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана табыс мекені» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты жобаны іске асыру жұмыстарын таныстыра отырып, кітап оқуды насихаттау. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Ашық есік күніне колледждің барлық студенттері қатысты. Іс шарада алдымен «Оқуға құштар колледж» атты кітап көрмесімен таныстырды. Әрбір уақытын кітаппен өткізсін деген мақсатта жасалған инсталлияциялық бұрышта рухани байлық тек кітапта екені түсіндірілді. Автоматандырылған заман талабына сай «электронды кітапхана» ұйымдастырылды. Ондағы мақсат уақыттарын тиімді пайдалану, жылдам және тез табылатын QR арқылы оқитын кітаптар бұрышы ұсынылды. Іс шара барысында студенттерге жобаның мақсаты, міндеті, жұмыс барысы және атқарылатын жұмыстар туралы таныстырылды.