“Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” тақырыбында әскери – патриоттық спорттық іс – шара өтті

6 Мамыр 2022

06.05.2022 “Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” тақырыбында әскери – патриоттық спорттық іс – шара өтті.

Мақсаты: Студенттерге отанды суюге, ержүректілікке, ұлтжандылыққа дәріптеу. Іс-шарамызға барлығы 7 топ қатысып, белсенділік танытты.

1 орынды 217 топ  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері

2  орынды 216 топ  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері

3 орынды 215  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері іс – шарамызға Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Сейфуллин Ильхам және ауған соғысының ардагері Оспанов Жанат Демесинұлы қатысты

  • Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
  • Ғажайып келешектің төккен үнін
  • Ардақты ағаларға шын көңілден
  • Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
  • Армысыздар, ардақты азаматтар,
  • Отбасының тірегі, елді бастар.
  • Құтты болып мереке баршаңызға
  • Бақ – береке әкелсін отбасыға!

Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.