1 қыркүйек – Білім күні

1 Қыркүйек 2022

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде» 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Колледж директоры Такимова Гульнара Турсынбековна колледж ұжымын, ата-аналарды, колледж студенттерін «Білім күні» мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. ДОЖЖО Миямова Айнұр Машраповна жаңа оқу жылының сабақ кестесімен, сабақ уақытымен таныстырып өтті.

Колледжіміздің өнерлі студенттері мерекелік іс-шарада өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, 1-3 курстарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.