“Үш тілде білім беру қажеттілігі” тақырыбында дебат сайысы

9 September 2022

08.09.2022 күні 32 және 33 топ студенттері арасында “Үш тілде білім беру қажеттілігі” тақырыбында дебат сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты студенттер өзін-өзі басқару, көшбасшылық қасиеттерін, ой-өрісін дамыту, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды бірлесіп шешу, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қатысу белсенділігіне байланысты қатысушылар “Ең мақсатты ойыншы”, “Үздік оратор” деген сияқты номинацияларға ие болып, дипломдармен марапатталды.