Blog

«Шамалған саңлағы -2022» ер жігіттер байқауының бас жүлдегері Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің студенті Жүнісбек Әлібек Болатбекұлы

6 Май 2022

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Шамалған саңлағы-2022» ер жігіттер байқауында жас мамандар мен ауыл жастары бақ сынасты. Бұл байқауда ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Молбаев,мәдениет саласының ардагері Қасқыр Исаев, Чернобыль ардагерлер қоғамының ардагері Ислам Жұмабайұлы,әнші сазгер Данышпан Қосмамбетов,биші Илана Сәкенқызы әділ қазылық етті.Ұпай санымен ұтымды жауап берген жеңімпаздар анықталды

“Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” тақырыбында әскери – патриоттық спорттық іс – шара өтті

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

06.05.2022 “Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” тақырыбында әскери – патриоттық спорттық іс – шара өтті.

Мақсаты: Студенттерге отанды суюге, ержүректілікке, ұлтжандылыққа дәріптеу. Іс-шарамызға барлығы 7 топ қатысып, белсенділік танытты.

1 орынды 217 топ  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері

2  орынды 216 топ  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері

3 орынды 215  “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану” мамандығының студенттері іс – шарамызға Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Сейфуллин Ильхам және ауған соғысының ардагері Оспанов Жанат Демесинұлы қатысты

  • Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
  • Ғажайып келешектің төккен үнін
  • Ардақты ағаларға шын көңілден
  • Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
  • Армысыздар, ардақты азаматтар,
  • Отбасының тірегі, елді бастар.
  • Құтты болып мереке баршаңызға
  • Бақ – береке әкелсін отбасыға!

Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.

«Еңбек» бағдарламасы

26 Апрель 2022

Алматы облысы Қарасай ауданының Жұмыспен қамту орталығымен  15.06.2021ж-15.09.2021 аралығында «Еңбек» бағдарламасы негізінде үш айлық оқыту курсы ұйымдастырылды. Үш айлық оқу курсын оқытуға 40 білім алушы  07150500 «Пісіру ісі»,  10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 07320100 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқуға қабылданды.

Қош  келдің, әз –Наурыз !

6 Апрель 2022

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

01.04.2022ж  колледжімізде  Наурыз  мерекесіне  арналған «Қош  келдің,  әз –Наурыз» атты  ұлттық  салт-дәстүрімізді  насихаттау  мақсатында   мерекелік   іс-шара  өтті.  Мерекелік  іс-шарамызға  Шамалған  ауылының ақсақалдар  алқасының  төрағасы  Молдабаев  Амангелді Жебегенұлы, Шамалған  ауылындағы  мәдениет  үйінің  директоры  Калиева Шарбану Шариевна,  ауылымыздың  емханасының  бас  дәрігері   Ерлан Кеңесұлы, колледжімізде  еңбек етіп зейнетке шыққан қарт аталарымыз  бен  әжелеріміз қонаққа келіп, студенттеріміздің  дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Наурыз көжеден дәм татып,  «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші  қарттарымыз  баталарын беріп, алғыс білдірді. Сонымен қатар  арқан тарту, қол күресі,гир көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті, жарысқа төрт ауыл қатысып, орын алған ауылдар марапатталды.

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің  студенттері және Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастырумен   Наурыз мейрамына орай    Алматы облыстық №1 балалар үйіне барды.  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері  тәттілер пісіріп,шағын концерттік бағдарлама дайындап, кішкентай бүлдіршіндерді қуантып қайттыү

Балалар үйіндегі балаларға көңіл мен қамқорлық жетіспейді. Бірақ дәл осы күні оларда нағыз мереке болды! Студенттердің көмегі арқасында жиналған барлық сыйлықтарды ризашылықпен балалар қуана қабылдады. Ал біздің студенттер балалардың кішкентай жүректеріне қуаныш сыйлады.

«Дені саудың – жаны сау»

5 Апрель 2022

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Наурыз меререксіне орай ұйымдастырылған  «Дені саудың – жаны сау» атты  «Армрестлинг» және «Гір көтеру» спорт түрлерінен  жастар арасында жарыс ұйымдастырылды. 201 топ «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу  және пайдалану» мамандығының 3-курс студенті «Армрестлинг»  спорт түрінен   Бекен Танат Сейлханұлы  1-орын алды. 215 топ «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу  және пайдалану» мамандығының 1-курс студенті Жүнісбек Алибек Болатбекұлы 3-орын алды.

 

Қарттарым асыл қазынам

 

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің  студенттері және Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастырумен   «Нұр Отау» қарттар  үйіне   Ұлыстың  ұлы күні  Наурыз мейрамына орай  «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік кеш  ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы қарсаңында студенттеріміз қарттарымыздың көңіл – күйін  көтеру мақсатында ән шашуларын шашып, студенттеріміздің дайындаған тәттілерін ұсынып,тамаша көңіл-күй сыйлап қайтты

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ТжКБ басшысы Исаханова Шынар Кабиевнаның ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасын іске асыру және әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Жас маман жобасы: тәжірибе және мүмкіндік» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.
Аталған шарада колледжіміздің инженер-педагогтері «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнымен бірлесе әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасының мүмкіндіктерін, дуальды оқыту жүйесін, кредиттік-модульдік технологияларын тиімді ұйымдастыру және заманауи құрылғыда қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Колледжімізде ынтымақтастықты жетілдіру бағытында Қ.И.Сатбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінің кафедрасы ашылды.

«Ең үздік кәсіптік білім беретін ұйымы» облыстық байқауы

14 Ноябрь 2021

Облыс әкімінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйки пены 30 қыркүйки аралығынд техникалық жәна кәсіптка білій берет мекемелерінің орнықтов дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ет білетін үздік колледжді анықтау , қолдау жәна мадақтау мақсатынд «Ең үздік кәсіптік білім беретін ұйымы» облыстық байқауы» облыстық байқауы өткізлді. Колледжіміміз байқауға қатысып, оқу орнымыздың кәсіби жетістіктерін айқындайтын портфолиосын, “Табысты білім беру ұйымының табысты замана модуиелі” шарттары жынорж колледж,
Байқау нәтижесі бойынша колледжіміз жүлделі 3 орынды иеленіп, облыс әкімінің дипломымен марапатталды.

Қазан айының 7 күні “Атамекен” тарихи мәдени орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Қазан айының 7 күні “Атамекен” тарихи мәдени орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға колледжіміздің ардагер ұстазы Жумагулов Болат Карабалаевич шақырылып, Қарасай ауданы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Колледжіміздің 3 курс студенті Дүйсенов Бақытжан салтанатты жиында белсенділік танытқаны үшін мадақтау ағазымен марапатталды.

@atameken_ortalygy

# кокк # шамалғанколледж

олледже “Ұстаздар күнімен” пара-пар келетін келетін “Қарттар күні” де аталып өтті

Колледже “Ұстаздар күнімен” пара-пар келетін келетін “Қарттар күні” де аталып өтті. Ұзтаздар мерекесіне орай колледж директоры Г.Такимова ұстаздар қауымын төл мерекелеримен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ Колледжіміздің ардагер ұстаздарын мерекелеримен құттықтап, сый-сияниепат тарту етті.