Алматы облысының әкімі Шыңғыс Сайранұлы Әрінов пен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтің қатысуымен Қаскелең қаласында жаңа саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған маңызды шараға «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» студенттері де белсене қатысып, қаламызды көгалдандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты.
🌲 Колледжіміздің белсенді жастары саябақ аумағына шырша көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің ажарын арттыруға бағытталған игі бастамаға атсалысты.
💚 Әрбір отырғызылған көшет – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, табиғатқа деген жанашырлықтың және жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі!