Қоғамдық-мемлекеттік өзін-өзі басқару формаларын дамыту мен колледжге және гуманитарлық қызметін қолдау үшін қосымша қаржы ресурстарын тарту мақсатында колледжде Қамқоршылық кеңес құрылды.
Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Білім туралы” Заңын, ҚР БҒМ 27.07.2017 ж. №355 “Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және білім беру ұйымдарына сайлау тәртібін бекіту туралы” бұйрығын негізінде қызмет жасайды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Қамқоршылық кеңесінің белсенді жұмысын қамтамасыз ету үшін колледж еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маманды дайындау, әлеуметтік әріптестікті кеңейту, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, азқамтылған студенттер контингентін қолдау және т. б. мәселелерді шешудегі үшін колледж Қамқоршылық кеңесінің жұмысын үйлестіруді жоспарлап отыр.
Қолайлы психологиялық климатты қолдау, корпоративтік мәдениетті бекіту колледждің өзінің, сондай-ақ оның қызметкерлерінің мүдделерін ескеруде көрінетін бірінші басшы жұмысының басым салаларының бірі болып табылады. Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста жанжалды жағдайлардың пайда болуы кезінде қақтығыстарды шешу саясаты жүйесі қарастырылған.