📚 «КЕЛЕСІ БЕТТІ СЕН АШ!»
📖 «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында бастау алған «Келесі бетті сен аш!» бастамасы өз жалғасын табуда.
Бұл жолы колледжіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б. Сахымзадина өзінің жеке кітапханасын таныстырып, оқырмандық тәжірибесімен бөлісті.
📚 Оқытушы Ғабит Мүсіреповтің «Бір атаның балалары» («Дети одного отца») шығармасына тоқталып, туындының мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы өз пікірін білдірді.
Шығарма арқылы адамгершілік, мейірімділік, бауырмалдық пен ұлттар арасындағы татулықтың маңыздылығын атап өтті.
✨ Әр оқылған кітап – жаңа ойға бастар қадам, ал әр ашылған бет – рухани дамудың бастауы.
«Келесі бетті сен аш!» бастамасына барша студенттер мен педагогтерді белсенді қатысуға шақырамыз!
📖 Ал сен қандай кітап оқып жүрсің? Келесі бетті сен аш!
#КелесіБеттіСенАш #КітапОқитынҰлт #КітапОқуМәдениеті #ОқуғаҚұштарҰрпақ #КолледжӨмірі