Әдістемелік күн

Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік  орталығының  ТжКБ басшысы  Исаханова Шынар  Кабиевнаның ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасын іске асыру және әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында    Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Жас маман жобасы: тәжірибе және мүмкіндік» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.
Аталған шарада колледжіміздің инженер-педагогтері «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнымен бірлесе әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасының мүмкіндіктерін, дуальды оқыту жүйесін, кредиттік-модульдік технологияларын тиімді ұйымдастыру және заманауи құрылғыда қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Колледжімізде ынтымақтастықты жетілдіру бағытында Қ.И.Сатбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінің кафедрасы ашылды.